Астанадағы тұманнан қала маңына жүретін автобустардың қозғалысы тоқтады

Астанадағы тұманнан қала маңына жүретін автобустардың қозғалысы тоқтады

Астанадағы қалың тұманға байланысты қала маңына қатынайтын бірқатар қоғамдық көліктің қозғалысы тоқтатылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

City Transportation Systems компаниясының мәліметінше, бүгін сағат 05:45-тен бастап күн райының қолайсыздығына (қалың тұман) және тасжолдардың жабылуына байланысты қала маңына қатынайтын № 305, 312, 315, 316, 327 бағдарларының қозғалысы уақытша тоқтатылған.

Қала маңына қатынайтын басқа бағдарлар линияда.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Г. Досымшалова