Астанада және тағы бірнеше өңірде тұманға байланысты ескерту жасалды

"Қазгидромет" РМК синоптиктері ертең, 25 наурызда Астанада және бірнеше өңірде тұманға және желге байланысты ескерту жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ақмола облысының оңтүстігінде, батысында, шығысында тұман түседі.

Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде тұман. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. 

Астанада түнде және таңертең тұман түседі.

Павлодар облысының оңтүстігінде тұман.

Қарағанды облысының солтүстігінде тұман түседі. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!