Тоқаев "Газпром" компаниясының басқарма төрағасын қабылдады

Мемлекет басшысы "Газпром" компаниясының басқарма төрағасы Алексей Миллерді қабылдады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ақорадаға сілтеме жасап.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Газпром" компаниясының басқарма төрағасы Алексей Миллермен энергетика саласындағы өзара іс-әрекеттің басым бағыттарын талқылады.

Сонымен бірге кездесу барысында газ саласындағы бірлескен жаңа жобаларды жүзеге асыру мәселесі қарастырылды.

Еске салайық, бүгін, 24 наурызда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Астана" халықаралық қаржы орталығының басқарушысы Ренат Бектұровты қабылдады.

Президентке "Астана" халықаралық қаржы орталығының инновациялық қаржы өнімдері мен қызметтерді дамыту, еліміздің инвестициялық тартымдылығын арттыру, сонымен бірге АХҚО-ның жаңарған даму стратегиясы аясында негізгі бизнес-серіктестермен өзара байланыс жұмыстары туралы мәлімет берілді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!