Теміртауда екі жасар баланы өлтірген ер адам ұсталды

Теміртауда екі жасар баланы өлтірген ер адам ұсталды

Теміртауда екі жастағы баланы өлтірген күдікті ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. 

Жүргізілген кешенді жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Теміртау қаласында баланы өлтірді деген күдікпен 24 жастағы ер адам ұсталған. Ол мойындау көрсетпе белгілерін берді.

Бұл дерек бойынша ҚР ҚК-нің 99-бабы 3-бөлігіне сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Еске салайық, бұған дейін Теміртауда кәмелетке толмаған баланы өлтірді деген күдікке ілінген адам анықталған болатын. 

Жергілікті полиция департаментінің мәліметінше, баланың мәйіті 23 наурызда қаладағы пәтерлердің бірінен табылған. Күдікті кім екені анықталған. Ол 24 жастағы баланың анасымен бірге тұратын ер адам екені белгілі болды. Күдіктіге іздеу жарияланған болатын. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина