"Сахнада жүрген әнші". Шаһизада өзінен 18 жас кіші сүйіктісі туралы ел күтпеген сырын айтты

Танымал әнші Шаһизада сүйіктісі өзінен 18 жас кіші екенін айтты. Ол бұл туралы "Жетінші арнадағы" "Қыздар-ай" бағдарламасында мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Өнер иесінің айтуынша, оның таңдаған азаматы да әнші.

"Аты-жөнін айтпай-ақ қояйын. Сіздер де біліп отырсыздар ғой. Ерболат - негізі көптен сахнада жүрген жақсы әнші. Сосын әпке-бауыр деп (араласып жүрдік - еск.). Жүрегінің бірдеңесі келіп, шым ете қалды. Негізі 18 жас", - деді ол.

Айта кетейік, бұған дейін де әлеуметтік желілерде өнерлі жұптың бірге түскен суреттері тарап кеткен еді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!