Raim Алматыда өткен концертінде Еркеге тосынсый жасады

Raim Алматыда өткен концертінде Еркеге тосынсый жасады

Ерке Есмаханның күйеуі Райымбек Бақтыгереев (Raim) Алматыда өткен жеке концертінде әншіге тосынсый жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы Еркенің өзі Instagram-парақшасында айтты. Видеода концерт кезінде Райымбек Ерке екеуінің 2018 жылдан бері түскен суреттерін жария еткен. 

"2018 жылдан бергі суреттерді көріп, көзіме жас келді. Тосынсый үшін рақмет, күйеуім", - дейді Ерке. 

Нумеролог Ерке мен Raim қанша уақыт бірге болатынын айтты

Еске салайық, 23 қаңтарда әнші Райымбек Бақтыгереев (Raim) пен Ерке Есмахан неке қидырған болатын. Ал кеше 19 ақпанда Ерке "сырғалым" атанды. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина