"Сенсіз арман бекер ғой". Желіде халықтың ортасында ән айтқан Өскемен әкімінің видеосы тарады

Әлеуметтік желіде Өскемен әкімі Жақсылық Омардың халық арасында ән айтып тұрған видеосы тарады. Кадрлардан Наурыз мерекесіне байланысты іс-шара өтіп жатқаны байқалады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Әкім Құрмаш Маханның "Кездесу мен қоштасу" атты әнін орындаған.

"Өскемен әкімі орталық алаңда халықпен бірге ән шырқап тұр", - делінген жазбада.

@dddudiii #Өскемен #ЖақсылықОмар #Караоке #Ән #Наурыз ♬ оригинальный звук - Duman K.

Желі қолданушыларының басым көпшілігі жағымды пікірлер жазған.

"Осындай әкіммен мақтанайық", "Керемет, дұрыс осылай халықпен бірге ән салып жүрген", "Кімді ұмыта алмай жүрсің, Жәке", "Әнші екен ғой", "Тамаша орындау", - дейді пікір жазғандар.

Айта кетейік, шенеунік 1980 жылы 28 қыркүйекте Алматы облысы Алакөл ауданы Үшарал ауылында дүниеге келген. 2001-2005 жылдары Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің жетекші маманы, бас маманы болып еңбек жолын бастаған. Ол - 2018 жылғы тамыздан бері Өскемен қаласының әкімі.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!