Шахтинскіде түн ортасында жаппай төбелес болды

Шахтинскіде түн ортасында жаппай төбелес болды
Фото: Polisia.kz

Шахтинскіде көңіл көтеру орындарының бірінің маңында төбелес болған. Күдіктілер ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, 22 наурызда сағат 23:50 шамасында Шахтинск полиция бөлімінің кезекші бөліміне қаладағы түнгі көңіл көтеретін орындардың бірінің маңында төбелес болып жатқаны туралы хабарлама түскен. Оқиға орнына тез арада патруль полиция жасағы жіберілді.

"Белгісіз адамдардың төбелесіп жатқаны анықталды. Құқыққа қайшы әрекеттерді және ауыр зардаптарды болдырмау мақсатында полиция қызметкерлерінің бірі аспанға ескерту ретінде оқ атты. Оқиғаға қатысушылардың барлығы полиция бөліміне жеткізілді", - деді полицияда.

Бұл дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодекстің 293-бабы 2-бөлігіне "Бұзақылық" сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек