"Халық қаһарманын беру керек". Димаш үшін қазақ тілін үйренген швейцариялық Эстер арнайы Қазақстанға ұшып келді

"Халық қаһарманын беру керек". Димаш үшін қазақ тілін үйренген швейцариялық Эстер арнайы Қазақстанға ұшып келді

Әнші Димаш Құдайберген үшін қазақ тілін үйренген швейцариялық Эстер арнайы Қазақстанға ұшып келді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл видео Ришат Ильясов есімді TikTok қолданушысының парақшасында пайда болған. Әлеуметтік желіде видео 1,2 миллион қаралым, 152 мың лайк жинаған.

Видеода Эстер есімді швейцариялық өзінің кумирі Димашпен кездесу үшін арнайы Қазақстанға ұшып келгенін айтады. Тіпті өнер иесімен кездесіп, барша қазақстандықты Наурыз мерекесімен құттықтайды.

@rashit.ilyassov Мне удалось договориться о встрече Эстер с Димашем. Я благодарен отцу Димаша - Канату Айтбаеву за отзывчивость и компании Oppo за помощь в исполнении мечты! Эстер мен Димаштың кездесуін ұйымдастырып үлгердім. Мен Димаштың әкесі Қанат Айтбаевқа және арманды орындауға көмектескен Oppo компаниясына алғыс айтамын! #димашкудайбергенов #димашкудайберген #oppo ♬ Einaudi: Experience - Ludovico Einaudi & Daniel Hope & I Virtuosi Italiani

Желі қолданушылары швейцариялыққа тәнті болып, түрлі пікір қалдырған.

"Апамызға мың алғыс, бақытты болыңыз", "Міне нағыз талант", "Жарайсың, Димаш сенің арқаңда бізді бүкіл ел таниды", "Міне, керемет, халық қаһарманын Димашқа беру керек, бізді танытып жүрген", - дейді Желідегілер.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Е. Ерболұлы