"100 доллар ұрладым". Жанболат Найзабеков құпиясын бөлісті

"100 доллар ұрладым". Жанболат Найзабеков құпиясын бөлісті

"Өнер қырандары" театрының актері Жанболат Найзабеков "Жұлдызбысың" бағдарламасында құпиясын бөлісті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бағдарламаның "Есіңде ме?" айдарында сұраққа жауап берген актер Жанболат Найзабеков әжесінің қоңыр сандығынан қалай 100 доллар ұрлағанын айтты.

"Ол енді 2002-2003 жылдары. Ол кезде 100 доллар деген енді көп ақша ғой. Қоңыр сандықта кілт тұратын ол кезде. Арнайы құрылғымен артынан итеріп алдына қарай аштық. Сандықта шамамен 600 доллардай болды. Сосын ішіндегі 100 долларды алып, "қайтарамыз" деп жазып кеттік. Сол ақшаға Құлсарыдан Оралға тойға барып, тойанасын беріп, қонақүйде жатып келесі күні қайтып келдік. Бірақ ешкім байқамай қалды", - дейді өнер иесі.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Е. Ерболұлы