Наурыз мейрамына орай Шарын ұлттық саябағында Sharyn визит-орталығы өз есігін ашты

Наурыз мейрамына қарсы Шарын ұлттық саябағында Sharyn визит-орталығы өз есігін ашты. 

Наурыз мерекесі мен визит-орталығының ашылу құрметіне Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрі концерт өткізді.

Наурыз мерекесіне орай Шарын шатқалында Sharyn визит - орталығы өз есігін айқара ашты. 23 наурыздың тамаша шуақты күнінде визит-орталығына келушілердің барлығы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрінің орындауындағы әйгілі Қамалдар алқабы шатқалының аясында жанды ұлттық музыканы тамашалауға мүмкіндік алды.

Оркестр ұжымы Құрманғазы, Дәулеткерей, Шәмші Қалдаяқов және т.б. сияқты көрнекті қазақстандық композиторлардың шығармаларын орындады. Қалыптасқан дәстүр бойынша оркестр өз өнерін Құрманғазының әйгілі "Алатау" күйімен ашты.

Музыканттардың қазақ және әлем классикасының сүйікті туындыларын шебер орындауы туристердің шынайы қуанышын тудырды, олардың көпшілігі Қазақстанның әртүрлі аймақтарынан, сондай-ақ жақын және алыс шетелдерден Шарын ұлттық паркіне келді. Концерттің құрметті көрермендері жақын маңдағы Нұра ауылының тұрғындары болды, батаны ақсақал Нұрғайыпов Құнақын оқыды.

Sharyn визит-орталығын сингапурлық сәулетші Бун Сим жобалаған және Шарын ұлттық саябағы саяхаттаудың бірінші нүктесі ретінде салынған. Визит-орталығында әрбір келуші ұлттық парктің барлық көрікті жерлері мен жаяу жүру маршруттары, сондай-ақ мінез-құлық және өзін қалай ұстау ережелері, қауіпсіздік, флора мен фауна және басқа да маңызды ақпарат туралы негізгі ақпаратты ала алады.

Визит-орталық - бұл ең алдымен, қызмет көрсету орны. Келушілерге бақылау палубасы, кең террассалар, ыңғайлы дәретхана бөлмелері, соның ішінде ерекше қажеттіліктері бар келушілерге жағдай жасалған. Мұнда Шарын ұлттық паркіне арналған кәдесый өнімдері ұсынылған. Tary кафесі жұмысын бастайды.

Sharyn Визит-орталығы - Қазақстанның ұлттық парктерінде тұрақты экотуризмді дамыту жөніндегі жоба шеңберінде QazaqGeography ҚБ көмегімен Qazaq national parks ашқан үшінші визит-орталық. Алғашқы екеуі - Ayusai және Turgensai-Іле-Алатау ұлттық паркінің аумағында жұмыс істейді және туристердің көңілінен шықты.

Жобаның басымдықтары - рекреациялық инфрақұрылымды құру, соқпақтарды жайластыру, ыңғайлы навигация, қарау алаңдары, сорғылар, беседкалар, орындықтар, дәретханалар және әрине, визит-орталықтары. Жобаның бас серіктесі Kaspi.kz.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!