Болат Назарбаевтың бұрынғы жары Гүлнұр Назарбаева қазір қайда жүр?

Болат Назарбаевтың бұрынғы жары Гүлнұр Назарбаева қазір қайда жүр?
Фото: Ösek–tösek Telegram-арнасы

Қазақстандағы танымал есімдердің бірі Болат Назарбаевтың бұрынғы әйеліне қатысты тың ақпарат тарады. Онда Гүлнұр Назарбаева орамалға келгені, сондай-ақ, өзбек кәсіпкеріне тұрмысқа шыққаны айтылады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі aikyn.kz cайтына сілтеме жасап. 

БАҚ-та тараған ақпаратқа сүйенсек, Болат Назарбаевтың бұрынғы әйелі ретінде танымал 43 жастағы Гүлнұр Назарбаева орамалға келген. Сондай-ақ, ол 33 жастағы өзбек кәсіпкері Азиз Ниязовқа тұрмысқа шыққан. Қазір ерлі-зайыпты Гүлнұрдың балаларымен бірге Дубайда тұрады.

 

Гүлнұр әлеуметтік желіде қазіргі тұрмысы, балалары, жолдасы жайлы суреттерді жиі жариялайды. Суреттерден олардың Өзбекстанда тұратыны байқалады.

Айта кетейік, ашық дереккөздерде Болат Назарбаевтың бұрынғы жұбайы заңды түрде сот арқылы күйеуінің тегін иемденгені жазылған.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова