Қазақстандағы орташа зейнетақы мөлшері аталды

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстандағы зейнетақының орташа мөлшерін атады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ведомство мәліметінше, жыл басынан бері республикалық бюджеттен 549,3 миллиард теңге зейнетақы төленсе, одан 168,7 миллиард теңге базалық зейнетақыға, 380,6 миллиард теңге ортақ зейнетақыға төленді.

"2023 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша жиынтық зейнетақының орташа мөлшері - 120 992 теңге, оның ішінде ортақ зейнетақының мөлшері - 83 089 теңге, базалық зейнетақы - 37 903 теңге", - делінген хабарламада.

2023 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша зейнеткерлер саны - 2 миллион 295 мың адам.

Еске салайық, ақпанда зейнетақы төлемдерінің орташа мөлшері базалық зейнетақы төлемін есепке алғанда 120 659 теңге болды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!