"Қыз ба, ұл ма?" Айнұр Тұрсынбаева немерелі болатынын мәлімдеді

"Қыз ба, ұл ма?" Айнұр Тұрсынбаева немерелі болатынын мәлімдеді

Танымал айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева немерелі болатынын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы ақынның ұлы Беклан мен келіні Мәдина жария етті. 

"Қуанышты жаңалығымызды бөліскіміз келіп отыр. Жақында балалы боламыз", - деп жазды ақынның келіні Мәдина. 

Мәдина мен Беклан баланың жынысын gender party жасап анықтаған. Жас жұбайлар балаларының жынысын ерекше әдіспен анықтаған: алдымен түрлі-түсті құмды сепкен кезде "ол - ұл" деген жазу шыққан. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Madina Janiyeva?️? (@mdzhanieva)

Беклан мен Мәдинаның оқырмандары олардың қуанышына ортақтасқан. 

"Рамазан айына күшті қуанышты жаңалық болыпты ғой. Аллаһ тағала салихалы да иманды, ақылды да сабырлы, мейірімді де аманатты, ізгі перзент берсін. Ата-анасының ғана емес қазақ халқына жақсылығы тиетін перзент болсын", "Тіл-көзден аман болыңыз", "Қандай керемет, аман-есен болыңыз", - дейді Желі қолданушылары. 

Еске салайық, былтыр 13 қыркүйекте ақын Айнұр Тұрсынбаева ұлының тойын Түркияда дүркіретіп өткізген болатын. Желідегі сурет-видеоларға сүйенсек, той Түркиядағы JW Marriott Hotel Istanbul Marmara Sea қонақүйінде өткен. Сондай-ақ, Айнұр Тұрсынбаева белгілі әншіге тойдан ерекше сый жасаған.

Айнұр Тұрсынбаева келінінің той көйлегі қанша тұратынын айтты

Сонымен қатар, ол ұлының тойын яхтада жалғастырған еді. Ал Мейрамбек Бесбаев Түркияда тойлатқан Айнұр Тұрсынбаеваға араша түскен болатын.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина