Роналду мұсылмандарды Рамазан айының басталуымен құттықтады

"Аль-Наср" клубының футболшысы Криштиану Роналду мұсылмандарды Рамазан айының басталуымен құттықтады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Рамазан мүбәрәк!" - деп жазды ол әлеуметтік желіде.

Рамазан - мұсылмандар үшін парыз ораза айы. Бір ай бойы мұсылмандар күндіз ішіп-жеуден, темекі шегуден бас тартады. 

Еске салайық, Роналду былтыр қыста Сауд Арабиясының "Аль-Наср" командасының сапына қосылған еді. Ал қарашада ол журналист Пирс Морганға сұхбат берді, бұл оның "Манчестер Юнайтедтен" кетуіне себеп болды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!