Қазақстанда кейінгі тәулікте коронавирус жұқтырғандар азайды

Қазақстанда кейінгі тәулікте коронавирус жұқтырғандар азайды
Фото: Tengrinews.kz

Қазақстанда тағы 34 адамнан коронавирус анықталды, бұл бір тәулік бұрынғыдан 32 адамға аз, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2023 жылғы 22 наурыздағы мәлімет бойынша, 1 772 адам коронавирус инфекциясынан, оның ішінде 140 пациент стационарда, 1 632 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

  • 5 адамның жағдайы ауыр;
  • 1 пациенттің жағдайы өте ауыр;
  • 2 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан