"Тілегі орындалады!" Президент "Жүрек жылуы" қайырымдылық акциясына қатысты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мерекелік іс-шарада "Жүрек жылуы" қайырымдылық акциясына қатысты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Акцияның мақсаты - наурыз бойына халықтың әлеуметтік осал топтарына қамқорлық көрсетіп, көпбалалы отбасылардан, мүмкіндігі шектеулі жандардан, зейнеткерлерден келіп түскен хаттарда жазылған өтініш-тілектерді орындау.

Еріктілер Мемлекет басшысынан сандықтан алғашқы хатты алып оқуды сұрады.

Қасым-Жомарт Тоқаев хатты оқып, оның иесінің тілегі орындалатынын жеткізді. Сонымен қатар, Президент осынау игі істі бастаған жастарға ризашылығын білдірді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!