"Тілегі орындалады!" Президент "Жүрек жылуы" қайырымдылық акциясына қатысты
!["Тілегі орындалады!" Президент "Жүрек жылуы" қайырымдылық акциясына қатысты](/userdata/news/news_80217/image_l.jpg)
Фото:
Ақорданың баспасөз қызметі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мерекелік іс-шарада "Жүрек жылуы" қайырымдылық акциясына қатысты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Акцияның мақсаты - наурыз бойына халықтың әлеуметтік осал топтарына қамқорлық көрсетіп, көпбалалы отбасылардан, мүмкіндігі шектеулі жандардан, зейнеткерлерден келіп түскен хаттарда жазылған өтініш-тілектерді орындау.
Еріктілер Мемлекет басшысынан сандықтан алғашқы хатты алып оқуды сұрады.
Қасым-Жомарт Тоқаев хатты оқып, оның иесінің тілегі орындалатынын жеткізді. Сонымен қатар, Президент осынау игі істі бастаған жастарға ризашылығын білдірді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек