Астанада жантүршігерлік жол апаты болды: бір адам қаза тапты

Астанада жантүршігерлік жол апаты болды: бір адам қаза тапты
Фото: Видеодан алынған кадр

Астанада екі жеңіл көлік пен автобус соқтығысты. Көлік жүргізушілердің бірі оқиға орнында көз жұмды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Тәртіп сақшыларының айтуынша, оқиға 20 наурызда сағат 20:30-да Қошқарбаев пен Жұмабаев көшелерінің қиылысында болған.

"Үш көліктің - Toyota, Audi және Iveco автобусы соқтығысып, жол-көлік оқиғасы болды. Салдарынан Toyota көлігінің жүргізушісі оқиға орнында қаза тапты. Бұл дерек бойынша соталды тергеу амалдары басталды", - деді Астана полиция департаменті баспасөз қызметі өкілдері.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Астана Сергек 24/7 (@astana_sergek)

Елордалық полиция департаменті өкілдері жолдарда барынша сақ болып, жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды сұрайды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек