Қазақстанның бірнеше өңірінде жел соғып, нөсер жаңбыр жауады

Қазақстанның бірнеше өңірінде жел соғып, нөсер жаңбыр жауады
Фото: pixabay.com

"Қазгидромет" ертең, 21 наурызда қолайсыз ауа райына байланысты республиканың бірнеше өңірінде ескерту жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Синоптиктердің болжамынша, Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, солтүстік-батыста тұман түседі. 

Қызылорда облысында жел солтүстік-шығыстан соғады, облыстың орталығында, шығысында екпіні 15-20 м/с-ке дейін жетеді.

Қостанай облысының оңтүстігінде тұман түседі. Ауа температурасы күндіз облыстың оңтүстігінде 2-7 градус жылы болады.

Түркістан облысының тауларында түнде нөсер жаңбыр, таулы және тау бөктерлі аудандарында найзағай ойнайды. Шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында күші - 15-20, екпіні - 23 м/с.

Шымкентте 21 наурызда түннің бірінші жартысында найзағай ойнайды.

Сонымен бірге 20 наурыздың сағат 21:00-ден 21 наурыздың сағат 21:00-ге дейін Семей қаласы бойынша, күтіліп отырған қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты, ҚМЖ туралы екінші дәрежелі ескертуі жарияланды.

20 наурыздың сағат 21:00-ден 21 наурыздың сағат 21:00-ге дейін Өскемен, Риддер қалалары бойынша, күтіліп отырған қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты, ҚМЖ туралы екінші дәрежелі ескертуі жарияланды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан