Оралда 22 жастағы қыз 9-қабаттан құлап қаза тапты

Оралда 22 жастағы қыз 9-қабаттан құлап қаза тапты. Оқиға 17 наурызда болған, - деп хабарлайды "Мой ГОРОД"

БҚО денсаулық сақтау басқармасы мәліметінше, жедел жәрдем станциясына сағат 13:17-де хабарлама түскен. Зардап шеккен адам дәрігерлер келгенге дейін алған жарақаттарынан қайтыс болған.

БҚО Полиция департаменті өкілі ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы "Суицидке жеткізу" бойынша соталды тергеу жүргізіліп жатқанын мәлімдеді. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!