"Қазақ мемдері жаңа деңгейге көтерілді". TikTok-та қызық тренд пайда болды

"Қазақ мемдері жаңа деңгейге көтерілді". TikTok-та қызық тренд пайда болды
Фото: Видеодан алынған кадр

TikTok-та қызық тренд пайда болды. Желі қолданушылар қазақ мемдерінің жаңа деңгейге көтерілгенін айтып, пікір қалдырған. Тренд бойынша, олар әзілді ән арқылы жеткізуі керек, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Мұндай видеолар TikTok-та тарап жатыр. Онда алдымен сұрақ жазылады, кейін әнмен жауап қайтарылады. Желі қолданушылары көбіне Қайрат Нұртастың әндерін таңдаған. 

Мәселен, мына видеода "Әкең теледидардың пультін таппаған кезде" деп жазылған. Ал кейін Төреғали Төреәлінің "Түнгі клуб" әнінің алғашқы шумағы "Қарамайсың айналаңа" деген жері ойнайды. 

@eromashki

♬ оригинальный звук - eromazor

Ал мына видеода "Жаңалықты қашан айтасың?" деген жазбаға жауап ретінде Қайрат Нұртастың "Қызыл гүлім-ай" әніндегі "Кездескенде" сөзі алынған. 

@https.qazaq

ХАХАХАЪАЪ

♬ оригинальный звук - жансая братан

Келесі видеода Айқынның "Пах-пах" әнін "Жалған пистолет қой, қалай атысып жүрсіңдер" деген сұраққа жауап ретінде алған. 

@nrzhvn

♬ оригинальный звук - Nrzhvn

Ninety one тобының әні де мемге айналған. Видеода "Анама IPhone 14 алып берші дегенде" ол "Армандай берме" деген жауап қайтарады делінген. 

@uaitnur #рек ♬ оригинальный звук - акnur

Былтыр хитке айналған "Ұйқым  келмейді" әні де бұл трендтен тыс қалмады. "Неге ұйықтамай жатсың" деген сұраққа осы әннің алғашқы жолы қолданылған. 

@bekzat0v1ch_ #fyp #переписка #edit #уйкымкелмейді ♬ оригинальный звук - Занят

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек