"АрселорМиттал Теміртауға" 16 миллион теңгеден аса айыппұл салынды

"АрселорМиттал Теміртау" компаниясы жарамдылық мерзімі өткен өлшеу құралдарын қолданған. Ал бұл қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына тікелей әсер етеді, - деп хабарлайды "Астана" телеарнасы Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Телеарна мәліметінше, компанияға 16,5 миллион теңге айыппұл салынған. Қарағанды облысы прокуратурасы тексеріс тағайындаған. Нәтижесінде жеті шахтада және "Восточный" орталық байыту фабрикасында жарамдылық мерзімі өткен 89 құрал анықталған.

Қарағанды облысы прокуратурасы ұсынысы мен материалдары негізінде "АрселорМиттал Теміртау" Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 419-бабы 1-бөлігі 2-тармағы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!