"Күлкіден жарылдым-ау". Желіде балабақшаларда Наурыз мерекесіне орай түсірілген қызық видеолар тарады

22 наурыз - Ұлыстың ұлы мерекесі. Бұл күні ұлттық тағамдар пісіріліп, ұлттық ойындар ойнатылып, жұрт мәре-сәре болады. Әз Наурыз балабақшаларда да тойланып басталып кеткен. Әлеуметтік желіде балаларға арналған ертеңгіліктен түрлі қызық видео тарап жатыр. Massaget.kz тілшісі TikTok-тараған видеоларға шолу жасады.

Желіде тараған видеолардың бірінде дәстүрлі ойын - "Қыз қуу" ойналғаны көрінеді. Бүлдіршіндер бар ынтасын салып ойнаған ойынның аяғында бала қызды сүйіп алады.

@amangeldi.zh.a9

♬ оригинальный звук - Поля

Пікір білдіргендер видеоны көріп, күлкіге қарқ болғанын жеткізген.

"Қыздың әкесі көріп, қандай сезімде болды екен?", "Күлкіден жарылдым-ау", "Шөже махаббат", - дейді пікір жазғандар.

Сондай-ақ, видеолардың бірінде балалар "Қаражорға" биін билеп тұрғаны көрсетіледі. Ал бір балақай тұрған күйі ұйықтап кеткен. Кейін ол оянып, қалғандарына қосылады.

@pheonix709

♬ оригинальный звук - SILVER

Желіде хит болған видеоның бірінде балалар арқан тартысып жатыр. Бірақ қарсы тараптағы балалар екінші жаққа өтіп кетеді.

"Базар жоқ жігіттерге", - делінген видеода.

@babash.aiko #синитрактор #пополям #аягөзқайдабарасың #балабақшада #біздіңжігіттер?? #кереметжігіттер ♬ оригинальный звук - Bekkzat

TikTok қолданушылары видеоға түрлі қызық пікір жазған.

"Өткізіп жібергені қалай кетті?", "Сенің қатты беріліп кеткен досың", "Мультфильм көргендей болдым ғой", "Шекара-мекара қызықтырмайды деді ғой", "Арқанның мына жағынан тартайын деген ғой", "Асығыс өтіп кеткен сияқты бала", - дейді Желідегілер.

Ал келесі видеода арқан тартысып тұрған балалардың бірі жылап тұрғаны көрінеді.

@kaiyrgali.gulmaral

### Амал мерекесі құтты болсын ###

♬ Наурыз-көктем - Бота Бейсенова

Желі қолданушылары балақайдың намыстанып тұрғанын жеткізген.

"Бәріміз де осындай болдық", "Намыстанған түріңнен, әлі талай ұтасың", "Жаным-ау, жылап тұрған түріңнен", - дейді Желідегілер.

Ал кезекті видеода арқан тартыста балалармен бірге қыздар да жүргені көрінеді.

@user30151563319902

♬ оригинальный звук - Асхат Құрманай ??????

Еске салайық, бұған дейін Желіде балабақшалардағы 8 наурызда түсірілген қызық видеолар тарағаны хабарланған болатын.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!