Бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Фото: Тұрар Қазанғапов

Астана мен 11 өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасап.

Синоптиктердің болжауынша, Шығыс-Қазақстан, Абай, Ақмола және Қарағанды облыстарында сырғыма (ауырлық күші ықпалымен өзен, көлдер, теңіздердің тік жағалауларынан, таулар мен сайлардың жыраларынан топырақ массасы мен тау жыныстарының төмен қарай сырғанауы - еск.) жүреді.

Жел екпіні секундына 20 метрге дейін жетеді. Ал Қостанай мен Жамбыл өңірлерін тұман басады. Синоптиктер Алматы облысында қар көшкіні жүру қаупі бар екенін де ескертті.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова