Өскеменде сайлауға келген студент сүйіктісіне ұсыныс жасады

Өскеменде сайлауға келген студент сүйіктісіне ұсыныс жасады
Фото: Ustinka.Live

Өскеменде сайлауға келген студент сүйіктісіне ұсыныс жасады. Ерекше жағдай қаладағы сайлау учаскелерінің бірінде болған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Көптің алдында көңілін білдіріп, батыл қадамға барған жігіттің С.Аманжолов атындағы университетінде оқиды. Оқиғаның куәсі атанғандар барлығы салтанатты түрде өтті деп жазды әлеуметтік желіде.

Жұрт алдында тосынсыйға тап болған Ләйлә Төлеубекова да С.Аманжолов атындағы ШҚУ-да білім алады. Дегенмен оған ұсыныс білдірген Арман Скендіровтің әрекетіне сын айтқандар да табылды.

Желіде жарыса жазғандардың көбі мұны ерсі әрі шенеунік болуға жасалған алғашқы қадам десе, енді бірі екі жасқа бақыт тіледі.

Асыл Бигелді

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина