"Арнайы көлікпен алып келді". Алматыда 107 жастағы әжей дауыс берді

Алматыда 107 жастағы әжей дауыс берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Жетісу ауданындағы №43 мектепте орналасқан №343 сайлау учаскесінде екі ғасырдың куәсі Қанша Жақсыбаева дауыс берді. Кейуананы сайлау учаскесіне қызы Кенже арнайы көлікпен алып келді.

Қаладағы ең қарт тұрғын Қанша Жақыбайқызы 1916 жылы 18 шілдеде дүниеге келген. Бұл күнде 26 немере, 36 шөбере,19 шөпшек көріп отыр. Жастайынан тағдыр тауқыметін тартып, өмірдің бар белесінен өтті. Ұзақ жылдар бойы колхоздың қызылшасын екті. Қой бақты, сиыр сауып, сауыншы да болды. Қара жұмыстың барлығын атқарып, жұмысшы болды. Нағыз еңбек адамы атанды.

"Еліміздегі саяси науқаннан менің де қалыс қалғым келмеді. Сондықтан, сайлау комиссиясына өтініш білдіріп, сайлауды, көзіммен көріп қатысайын деп шештім. Менің даусымның аз да болса, еліміздің өркендеуіне себі тиер деп ойлаймын. Мен келешек үшін дауыс бердім",  - дейді әжей.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!