Қазақстанда коронавирус жұқтырған 6 науқастың жағдайы ауыр

Қазақстанда 2023 жылғы 17 наурыздың қорытындысы бойынша 77 адам коронавирус жұқтырған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Сонымен бірге 4 адамнан коронавирус белгілері бар пневмония анықталған.

Қазақстанда коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 2023 жылғы 18 наурыздағы мәлімет бойынша, 1 778 адам коронавирус инфекциясынан (–1 605+ және 173 КВИ-), олардың ішінде 135 пациент стационарда, 1 643 науқас амбулаториялық деңгейде емделіп жатыр.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

  • 2 адамның жағдайы ауыр;
  • 4 пациенттің жағдайы өте ауыр;
  • 3 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.

Қазақстанда бүгінге дейін 1 409 418 адам коронавируспен ауырып, оның 13 847-і қайтыс болды. Ал 90 917 адам коронавирус белгілері бар пневмонияны 90 917 адам жұқтырып, оның 5 412-і өлген.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!