Ералы Тоғжанов су басқан ауыл халқын дүрбелең туғызбауға үндеді

Жергілікті атқарушы органдар Ақтөбе облысы Қаратал ауылындағы мектепке тұрғындарды көшіру, сонымен бірге шайылған үйінді аумағын қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ақтөбе облысы әкімдігі баспасөз қызметінің хабарына қарағанда, өңір әкімі Ералы Тоғжанов Қаратал ауылында барды. Ол халықпен кездескенде тұрғындарды дүрбелең туғызбай, сабырлық танытуға шақырып, қажетті шараның бәрі қабылданып жатқанына сендірді.

Су тасқынынан екі үйді, 12 аула аумағын су басты. Қабылданған шаралардың нәтижесінде су деңгейі төмендеді. Халыққа төнген қауіп жоқ, мектепке көшірілген тұрғындар үйлеріне қайтып жатыр.Зардап шеккеннің бәріне көмек беріледі.

Еске салайық, бүгін тасқын судың қысымы мен Ойыл өзені деңгейінің күрт көтерілуінен Ақтөбе облысындағы Ойыл ауданы Қаратал ауылының айналасына қойылған құмнан жасалған қорғаныш үйінді елді мекеннің батыс бөлігінен келген суға төтеп бере алмады, үйіндіні су шайды. Ауылды су басты.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!