Ақтөбе облысында Ойыл өзені тасып, ауылды су басты

Тасқын судың қысымы мен Ойыл өзені деңгейінің күрт көтерілуінен Ақтөбе облысы Ойыл ауданы Қаратал ауылының айналасына қойылған құмнан жасалған қорғаныш үйінді елді мекеннің батыс бөлігінен келген суға төтеп бере алмады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, салдарынан үйіндіні су шайды. Осыдан ауылды су басу қаупі туындады.

"Облыс әкімі Ералы Тоғжанов пен облыстық ТЖД бастығы қазір оқиға орнында. Қазіргі уақытта жергілікті атқарушы органдар тұрғындарды Қаратал ауылындағы мектепке эвакуациялау, сонымен бірге шайылған үйінді аумағын қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Ақтөбе мен жақын аудандардан төтенше жағдайлар департаменті күштері мен құралдары жіберілді", - делінген хабарламада.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!