"Дәретханаға ақшасы болмады". Оралда ер адам полиция пунктінің қасында дәрет сындырған

Оралда ер адам полиция пунктінің қасында дәрет сындырған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл туралы ақпарат әлеуметтік желілерде таралды.

Ведомство мәліметінше, 55 жастағы ер адам Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 434-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ол өзінің іс-әрекетін ақылы дәретханаға ақшасы болмады деп түсіндірді. Ер адам полиция қызметкерлері абыройына нұқсан келтіргісі келмегенін түсіндірді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!