Нейрожелі Наурыз тойлайтын қазақтарды қалай көреді?

Нейрожелі Наурыз тойлайтын қазақтарды қалай көреді?
Фото: Midjourney

Massaget.kz тілшісі ChatGPT және Midjourney жасанды интеллект арқылы Наурыз тойлайтын қазақтарды қалай көретінін анықтап көрді. Нейрожеліге жыл басы саналатын бұл мерекені қандай дәстүр бойынша тойланатыны, қандай ойындар ойналатыны, келген қонаққа қандай ас тартылатыны туралы тапсырма берілді.

ChatGPT нейрон желісі Наурыз мейрамына анықтама берді. 

Наурыз мейрамы - қазақ бауырларымыз тойлаған көне мейрам. Бұл мереке Шығыс күнтізбесі бойынша жаңа жылдың, көктемнің басталуы мен табиғаттың қайта жандануын білдіреді. Қазақтар бұл мерекеге алдын ала дайындалады, үйлерін жинайды,  ұлттық киімдерін дайындап, әшекейлер жасақтайды, ұлттық тағамдарын жасайды.

Наурыз мерекесі ұлттық тағам "Наурыз көже" ішуден басталады. Бұл күні ойналатын дәстүрлі ойындарда қуаныш пен көңілді бейнелейтін көп элемент бар. Мысалы, тиын тастау (қазақтың тиындарын қалаған бағытқа лақтыру).

Асық ойнап жатқан балалар. Midjourney арқылы жасалған сурет

Нейрожелі мәліметінше, бұл мерекеге дайындалатын дәстүрлі тағамдарға ет, қуырдақ, бауырсақ және құрт сынды ұлттық өнімдер жатады. 

Ет тағамы. Midjourney арқылы жасалған сурет

Қуырдақ. Midjourney арқылы жасалған сурет

Наурыз - барша қазақтарды біріктіретін жарқын да көңілді мереке. Алайда бұл мереке барша Орта Азия халқына ортақ. Ұлыс күні Тәжікстанда "Гульгардон", "Гульнавруз", Өзбекстанда Навруз, Қырғызстанда Нооруз деп аталады. 

Орта Азия халықтары. Midjourney арқылы жасалған сурет

Сондай-ақ, танымал Midjourney нейрожеліге Қазақстанда Наурыз мерекесі қалай тойланатыны, Наурызда қандай тағам тартылатынынын көрсету тапсырмасын берілді. 

Нейрожелі Қазақстандағы Наурыз мерекесі алдымен киіз үй арқылы бейнеледі. 

Бұдан басқа, Нейрожелі Наурыз тойланатын қазақтардың бейнесін көрсетті. 

Сондай-ақ, жасанды интеллект жыл басы саналатын ұлысты балалық шақпен байланыстырып, бұл уақытты шаттыққа, бақытқа толы етіп көрсетті. 

Нейрожелі 50 жылдан кейін Наурыз мейрамы қазақтар расында қалай тойлайтынын да көрсетті. Суретте заманауи киінген адамдар бейнеленген. 

Еске салайық, барлық сурет жасанды интеллект арқылы жасалған.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек