Атырау облысында алты жасар бала суға батып кетті

Атырау облысында екі бала ойнап жүріп канал шұңқырына құлап кеткен, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Мой город" басылымына сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға 14 наурызда Құрманғазы ауданы, Бірлік ауылдық округінде болған. Бір топ бала Щучье каналының жағасында ойнап жүрген. 2016 жылы туған бала канал қазған жерде шұңқырға құлап кеткен.

"Оны құтқармақ болған 2013 жылы туған үлкен ағасы артынан секіріп кеткен. Басқа балалар ересектерді шақыруға кеткен. Жүгіріп келген үлкендер балаларды судан алып шықты, өкінішке қарай, ағайындылардың кенжесі оқиға орнында көз жұмды", - деп хабарлады Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі өкілдері. 

Марқұм баланың үлкен ағасы аудандық ауруханаға жеткізілді. Жағдайы тұрақты деп бағаланды, ол дәрігерлердің бақылауында.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!