"90-жылдар оралды!" Желіде Қостанайда атыс болғаны туралы хабар тарады

"90-жылдар оралды!" Желіде Қостанайда атыс болғаны туралы хабар тарады
Фото: "Наша газета"

Желіде Қостанайда жаппай атыс болып, үш адам қаза тапқаны туралы ақпарат тарады. Полиция бұл фейк ақпарат екенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Наша газета" басылымына сілтеме жасап. 

Басылым мәліметінше, мессенджерлерде аудио тараған. Хабарламада 16 наурызда қаладағы аудандардың бірінде атыс болғаны туралы айтылады. Аудиодағы ер адамның сөзінше, атыс салдарынан 3 адам қаза тапқан.  

"Особа дүкенінің маңында үш адамды өлтіріп кетті. Полицейлер келді. Жол, бәрі жабылды. Қысқасы 90-жылдар оралды!", - дейді аудиодағы адам. 

Қостанай облысының Полиция департаменті өкілдері бұл фейк ақпарат екенін хабарлады. 

"Облыс орталығында ешқандай атыс болған жоқ. Өңірдегі жағдай тұрақты", - дейді ведомство өкілдері. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина