"Үйге оралмады". Оралда 88 жастағы зейнеткер жоғалып кетті

"Үйге оралмады". Оралда 88 жастағы зейнеткер жоғалып кетті
Фото: "МОЙ Город"

Оралда 88 жастағы зейнеткер жоғалып кетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "МОЙ Город" басылымына сілтеме жасап. 

Басылым мәліметінше, ер адамның ақыл-есі кем болуы мүмкін, сондықтан ол мекенжайын білмеуі мүмкін. 

Зейнеткердің қызы Венераның сөзінше, 88 жастағы Болат Бәйменов үйінен кеше, 16 наурызда 16.00 шамасында шығып кеткен. 

"Деменция диагнозы бар, оның көлігі бар екенін және оған қосалқы бөлшектер қажет екенін айтуы мүмкін. Әдетте әкем өзі дүкенге барып келетін, жоғалып кеткен кезі болған емес. Бүгін үйге оралмады. Полицияға жүгіндік. Телефоны қосулы, бірақ қоңырауға жауап бермейді. Көрген адамдар болса хабар беруін сұраймыз", - дейді Венера. 

БҚО полиция департаменті өкілдері адам жоғалу дерегі тіркелгенін хабарлады. Бүгінде іздеу шаралары жүріп жатыр. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина