Ақтөбе облысында кәсіпкерлерді қорқытып, ақша бопсалағандар ұсталды

Ақтөбе облысында бопсалаумен айналысқан қылмыстық топты ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Күдіктілер қорқыту арқылы бірнеше рет кәсіпкерден 2 миллион теңге сомасында ақша қаражатын бопсалағаны анықталды. Тексеру кезінде олардың біреуінен 900 мың теңге тәркіленді.

Осы факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 194-бабы 2-бөлігі "Бопсалау" бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Күдіктілердің үшеуі ҚР ҚПК-нің 128-бабы тәртібінде ұсталып, қамауға алынды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!