Түркі мемлекеттеріне ортақ инвестициялық қор құрылатын болды

Түркі мемлекеттері ұйымының Анкарадағы кезектен тыс саммитінің қорытындысы бойынша Түркі инвестициялық қоры құрылатыны белгілі болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, Түркі мемлекеттері ұйымының кезектен тыс саммитінің қорытындысы бойынша мынадай құжаттарға қол қойылды:

  • Түркі мемлекеттері ұйымы кезектен тыс саммитінің Анкара декларациясы;
  • Түркі мемлекеттері ұйымының Азаматтық қорғау механизмін құру туралы шешім;
  • Түркі инвестициялық қорын құру туралы келісім.

Еске салайық, бұған дейін биыл қазанда Түркістанда Түркі мемлекеттері ұйымының мерейтойлық саммиті өтетінін хабарлаған едік.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!