Тоқаев: Қазақстан Түркияда әлеуметтік нысан салып беруге дайын

Тоқаев: Қазақстан Түркияда әлеуметтік нысан салып беруге дайын
Фото: Ақорданың баспасөз қызметі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының кезектен тыс саммитінде Қазақстан тарапының Түркияда әлеуметтік нысан салып беруге дайын екенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Жұмыла көтерген жүк жеңіл" дейді халқымыз. Біз бауырлас Түркияға одан әрі қолдау көрсетуге дайынбыз. Осы орайда, апат аймағында әлеуметтік нысан салып беруге дайын екенімізді айтқым келеді. Бұл бауырлас Түрік халқына шынайы ілтипатымыздың көрінісі болатынына сенімдімін", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек