"Құдай-ау, қылығы қандай күшті". Алты қызы бар ата Қазнетті сүйсінтті

Алты қызы бар атаның видеосы Қазнетті тәнті етті. Кадрлардан зейнеткер алдымен жұбайының, кейін қыздарының маңдайынан сүйіп, бірге билейтіні көрінеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Видеоны TikТok-қа Қалдыгүл Шаржауова есімді қолданушы жариялаған. Көпті сүйсінткен Желідегі видео 260 мыңнан аса қаралым жинаған.

"Аллаға мың шүкір, қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай баққаныңа мың алғыс", - деп жазған ол.

@kaldygul.7272

♬ оригинальный звук - Калдыгул Шаржауова

TikTok қолданушылары жылы көрініске тәнті болғанын жеткізген.

"Құдай-ау, атаның қылығы қандай күшті", "Еріксіз көзіме жас келді ғой", "Қандай күшті", "Қандай керемет көрініс", "Қыздары да шетінен әдемі, сұлу екен!", "Трендтің ең жоғарғы сатысы, осы болды, керемет әкелеріміз бен аналарымыз ауырмасын", "Көріп жылап отырмын", - дейді пікір жазғандар.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!