Ұмытылмас туған күн. Өскеменде құтқарушылар бес жасар баланың арманын орындады

Өскеменде құтқарушылар бес жасар баланың арманын орындады. Алан Нұрлан есімді балақай туған күніне ата-анасынан ерекше сыйлық сұраған. Ол өрт сөндіру бөліміне барғысы келген. Баланың анасы жергілікті ТЖМ-ге жүгінген, - деп хабарлайды "Астана" телеарнасы.

Балаға бөлімде арнайы техника көрсетілген, оған өрт сөндіру көлігінің рөліне отыруға және арнайы баскиім, форма киіп көруге рұқсат етілген. Алан сыйлықсыз қалмаған. Баланың бұл туған күні ұзақ уақыт есінде қалатын секілді.

"Өрт сөндіру бөлімін аралау балаға қатты ұнады, бұл оның эмоциясынан, жарқыраған көзінен көрінді. Біздің ойымызша, бұл ойыншықтан немесе тәттілерден жақсы. Себебі балаға өмір бойына әсер қалдырады", - деді ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің басшысы Марина Лискова. 

Құтқарушылар мұнымен шектелмеген. Олар Чебурашкаға өртсөндірушінің формасын кигізіп қойған.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!