Екі ер адам зорлаған: полиция жантүршігерлік іске қатысты пікір білдірді

Екі ер адам зорлаған: полиция жантүршігерлік іске қатысты пікір білдірді

Ақтөбе облысы Полиция департаменті өкілі 16 жастағы қызды топтық зорлау дерегіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Tengrinews сайтына сілтеме жасап.

Бұл мәселені қоғам белсендісі Дина Таңсәрі көтерген.

"Қыз 16 жаста, жаман адамдар арасына тап болған, ересек адам оны жыныстық қатынасқа мәжбүрлеген. Біраз уақыттан кейін басқа ер адам жыныстық қатынасқа мәжбүрлеген. Жағдай өте қиын. Екі аптадан кейін анасы полицияға арыз берді", - деді "Немолчи" қорының жетекшісі Дина Таңсәрі.

Оның айтуынша, қыздың жақында әкесі қайтыс болған. Осылайша, ол қапа болып жүрген.

Ақтөбе облысы Полиция департаменті баспасөз қызметі мәліметінше, Ақтөбе қаласы Полиция басқармасының №2 полиция бөлімі осы дерек бойынша сот алды тергеу жүргізіп жатыр.

"Күдікті анықталып, жауап алынды. Сараптама тағайындалды, нәтижесінде шешім қабылданады", - деді полиция өкілі.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова