"Ұлыңызбен жасты сияқтысыз". Адамсенгісіз өзгерген әйелдің видеосы Желіні тәнті етті

"Ұлыңызбен жасты сияқтысыз". Адамсенгісіз өзгерген әйелдің видеосы Желіні тәнті етті
Фото: Видеодан алынған кадр

TikTok-та әйелдің адам танымастай өзгерген видеосы тарады. Желі қолданушылары бұл көрініске таңғалғанын жасырмаған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Әлеуметтік желіде тараған Аюна Банзарованың видеосы 1 миллионға жуық қаралым жинаған. Онда әйелдің 2005, 2007 және 2018, 2022 жылдардағы өзгерісі көрінеді. Сондай-ақ, ол образын толық өзгерткен.

"Бұрын және қазір", - деп жазған ол.

@ayunabanzarova

Тогда и сейчас ?

♬ оригинальный звук - ayunabanzarova

Оның қай ұлт өкілі екені белгісіз. Алайда пікір жазғандардың басым бөлігі адамсенгісіз өзгеріске таңдана қараған.

"Әйел жыл сайын өзгереді" дейтін еді, шын екен ғой", "Жарайсыз", "Бұлай бола ма не?", "Қызға айналды", "Ұлыңызбен жасты сияқтысыз", "Адам сенгісіз өзгеріс", - дейді Желі қолданушылары.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова