Алматыда басы дауға қалған "Пинта" мейрамханасында қазақша әндер орындалды - видео

Алматыда басы дауға қалған "Пинта" мейрамханалар желісінде қазақша әндер орындалғаны туралы видеолар тарады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Видео мейрамхана парақшаларында пайда болған. Желіде тараған кадрларда кеше Қайрат Нұртастың "Алматының түндері-ай", Мақпал Исабекованың "Аяла мені" және Динара Сұлтанның "Сен" атты әндері орындалған. 

Еске салайық, кеше, 15 наурызда мессенджерлерде мейрамхана музыканттарына арналған чатта талқыланған хабарлама скрины пайда болған еді. Хабарламада музыканттарға мейрамханада қазақ тіліндегі әндер қойылмайтыны айтылған.  

Артынша мейрамхана өкілдері бұл ақпаратқа қатысты түсінік берді. Олардың сөзінше, 2008 жылдан бері нарықта жүрген мейрамхана барлық ішкі және сыртқы байланыс қазақ және орыс тілдерінде жүргізіледі екен. Оның ішінде, мәзір, мейрамханадағы қызмет, жарнамалық құралдар, әлеуметтік желілердегі жарияланымдар және оқыту құралдары бар.

Одан бөлек, әр жұма және сенбі күндері барлық мейрамханада музыкалық ойын-сауық бағдарламасы өткізіліп, онда қаланың үздік музыканттары мен dj-лері өнер көрсетіп, қазақ тіліндегі танымал әуендерді де орындайды екен.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!