Астанада, Шымкентте және тағы 11 өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды

"Қазгидромет" РМК синоптиктері Астанада, Шымкентте және тағы 11 өңірде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Астанада көктайғақ болады. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, түнде екпіні 15 м/с-қа жетеді.

Алматы облысының батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарда, күндіз облыстың шығысында, таулы, тау бөктеріндегі аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман. Солтүстік-шығыс желі, облыстың солтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында екпіні - 15-20 м/с. 

Атырау облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде шаңды дауыл болады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с-ке жетеді.

Ақмола облысында түнде оңтүстігінде, солтүстігінде, шығысында, күндіз солтүстігінде, шығысында көктайғақ, жаяу бұрқасын болады. Облыстың батысында тұман түседі. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, түнде облыстың шығысында екпіні - 15-20 м/с.

Батыс Қазақстан облысында жел оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

Маңғыстау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында шаңды дауыл болады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстігінде, орталығында 15-20 м/с, күндіз облыстың басым бөлігінде 15-20, облыстың оңтүстігінде, орталығында кей уақытта 23 м/с-қа жетеді.

Павлодар облысының шығысында, оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ. Батыстан жел соғады, таңертең және күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы күндіз 1 градус жылы.

Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын. Желдің бағыты оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні - 18 м/с.

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында түнде қар, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, жаяу бұрқасын, тұман болады. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. 

Қызылорда облысында жел солтүстік-шығыстан соғады, облыстың солтүстігінде, орталығында 15-20 м/с сақталады.

Қостанай облысының оңтүстігінде тұман түседі. Ауа температурасы күндіз 0-5 градус жылы болады. 

Түркістан облысының солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында шығыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні - 23 м/с.

Шымкентте 16 наурызда шығыстан жел соғады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!