"Жүру мүмкін емес". Желіде Өзбекстан президентінің көлік айдап жүрген видеосы тарады

"Жүру мүмкін емес". Желіде Өзбекстан президентінің көлік айдап жүрген видеосы тарады
Фото: Видеодан алынған кадр

Желіде Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеевтің көлік айдап жүрген видеосы тарады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі gazeta.uz-ке сілтеме жасап.

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев Байсун-Денау бағытының бойындағы жолдың сапасына қатысты азаматтардан келіп түсетін арыз-шағымдарды ескеріп, Сурхандария облысындағы сапасы нашар жолмен жүріп шықты. Президент "Малибу" көлігін өзі тізгіндеді. Оның айтуынша, бұл жолмен "жүру мүмкін емес". 

Баспасөз қызметі өкілдері жариялаған видеода президент Сурхандария губернаторы Ұлықбек Қосимовпен бірге ақ түсті "Малибу" көлігін айдап келе жатқанын көруге болады. 

Президент Байсун-Денау жолына қатысты шағымдарды тексеруді өзі шешкенін айтты.

"Біреуге сенсең, ол өтірік айтады. Бәрі жақсы дейді, жасырады. Міне, бұл жолмен жүру мүмкін емес екенін өзіміз де көріп отырмыз. Сапасы нашар", - деді ол.

Кейін көлік дөңгелегі терең шұңқырға кіріп кетеді. Алдын ала орнатылған камералар да жолдың нашар жағдайын көрсетеді.

Видеода облыс әкімі президентпен келісіп, мұндай жолмен жүру мүмкін емесін растады. Әкім жол-жөнекей қойын дәптеріне ескертулерді жазып отырды.

Мемлекет басшысы Ұлықбек Қосимовке көлік жолдары комитетінің төрағасы Абдурахмон Әбдувалиевпен бірлесіп, қоғамдық пікірді ескере отырып, 15 күн ішінде "заманауи, сапалы және біркелкі жол" жобасын әзірлеуді тапсырды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек