Шетелдіктер Қазақстанда 8 есірткі зертханасын іске қосуды жоспарлаған

Шетелдіктер Қазақстанда 8 есірткі зертханасын іске қосуды жоспарлаған
Фото: polisia.kz

Шетелдіктер Қазақстанда 8 есірткі зертханасын іске қосуды жоспарлаған. ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті ауқымды арнайы операция барысында интернет-ресурстардың көмегімен синтетикалық есірткілер өндірісін және оларды Қазақстан аумағында өткізуді ұйымдастырған трансұлттық қылмыстық топтың қызметін тоқтатты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Одан әрі жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қосымша осы қылмыстық топты қаржыландыруға, сонымен бірге прекурсорларды (есірткі өндіруге арналған химиялық заттарды) және зертханалық жабдықтарды шетелден Қазақстанға жеткізуге жауапты екі шетелдікті, яғни негізгі ұйымдастырушыларды анықтады.

Прекурсорларды жеткізуді, сақтауды және өткізуді ұйымдастырған ұйымдастырушылардың бірі Алматыда ұсталды.

Тінту барысында ол жалға алған алты қоймадан есірткі өндіру цикліне арналған сегіз бірлік "реакторлар" деп аталатын арнайы зертханалық жабдық және 13 тонна прекурсорлар тәркіленді.

Осылайша, елімізде екі тонна синтетикалық есірткі өндіруге (бұл 4 млн бір реттік доза) және сегіз ірі есірткі зертханасын құруға жол берілмеді.

Сонымен бірге синтетикалық есірткі өндіруге арналған 30 бірліктен астам басқа жабдық, оның ішінде вакуумдық сүзгілер, терморегуляторлар, сорғылар тәркіленді. Үш жеке үй мен үш автокөлікке тыйым салынды.

Тергеу жалғасып жатыр.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан