Шымбұлақта 900 текше метрден астам көшкін түсті

Шымбұлақта 900 текше метрден астам көшкін түсті
Фото: Tengrinews.kz

Шымбұлақта 900 текше метрден астам көшкін түсірілді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Алматы төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, 14 наурызда "Шымбұлақ" шаңғы курорты аумағында Avalancheur пневматикалық құралдармен көшкін түсірілді.

Профилактикалық жұмыстарды "Шымбұлақ" шыңғы курорты қызметкерлері жүргізді, оған Алматы төтенше жағдайлар департаменті, "Қазселденқорғау" ММ, "Қазгидромет" РМК мамандары қатысты.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Департамент по ЧС г.Алматы (@almaty_tjd)

Профилактикалық жұмыстарды жүргізу нәтижесінде 900 текше метрден астам қар массасы түсіп, шаңғы курортының демалушылары үшін қауіпсіздік қамтамасыз етілді.

Еске салайық, ауа температурасының жоғарылауына және қар жамылғысының тұрақсыз жағдайына байланысты Алматы тауларында көшкін қаупі бар. Үлкен және Кіші Алматы өзендері алабтарында блокбекеттер орнатылды.

Осыған байланысты Алматы төтенше жағдайлар департаменті осы уақытта тауға шықпауды ескертті.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан