"Бірге сахнаға шықпаймыз". Raim эксклюзив сұхбат берді

"Бірге сахнаға шықпаймыз". Raim эксклюзив сұхбат берді
Фото: Әлеуметтік желі

Raim лақапатымен танымал әнші Райымбек Бақтыгереев "Хабар" арнасына берген сұхбатында әзірге жұбайы Ерке Есмаханмен бірге сахнаға шықпайтынын мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оның сөзінше, алдағы концерттерінің басқа концерттерден айырмашылығы жаңа Raim екеніне байланысты. Ол жаңа Raim отбасылы Raim дегенді білдіретінін айтты.

"Жаңа Raim шығар. Отбасылы Raim. Сол бір адамға, жұбайыма (әндері - еск.) арналып жазылады. Бұйыртса болар, бірақ әзірге бірге сахнаға шықпаймыз. Оның өзінің әндері бар, өзінің хиттері бар. Жоспар көп алда", - деді ол.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова