Қазақстанда нашақорлыққа міндетті тексеріс енгізілуі мүмкін

Ішкі істер министрі нашақорларды анықтау үшін скрининг енгізу қажет екенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Өкінішке қарай, бүгінде студенттер арасында есірткі қолдану деректері анықталып жатыр, сондықтан алдағы уақытта скрининг жүйесін енгізу жоспарланған", - деді ІІМ басшысы.

Министрдің айтуынша, скрининг жағдайды бағалауға мүмкіндік береді және есірткіге тәуелділерді, әсіресе, жасөспірімдер арасында ерте кезеңде анықтауға мүмкіндік береді.

"Биоматериалдар жұмысқа орналасу кезінде, мемлекеттік қызметте, жүргізуші куәлігін алу кезінде тексеріледі. Есірткіні қолданған жағдайда (скрининг көрсетуі мүмкін - еск.). Бәріңіздің балаларыңыз бар. Бүгінде синтетика препараттары кең тараған және оңай қолжетімді. Бір дозасы 10 мың теңге тұрады. Олар интернет, ломбард арқылы жібере алады", - деді Ахметжанов.

Ішкі істер министрлігінің басшысы мектептерде есірткі түрлерінің көбейгенін мәлімдеді.

"Мұны жасырмаймыз. Бүгінде сенімді есеп жоқ. Биоматериалдарды кәсіби сараптамадан өткізуді ұсынамын. Бұл - Денсаулық сақтау министрлігінің ұсынысы, бірақ біз оны қолдаймыз", - деді Марат Ахметжанов.

Ол биоматериалдардан есірткіні анықтауда қылмыстық және әкімшілік жауапкершілік болмайтынын қадап айтты. Барлық ақпарат балалардың ата-аналарына жіберіледі.

"Таңдауымыз керек: бізге не маңыздырақ, балаларымыз бен қоғамның қауіпсіздігі немесе оны бәрі біледі деп қорқамыз ба?" - деді ішкі істер министрі.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!