"Каратист қой мынау". Сәкен Майғазиевтің видеосы Қазнетті тәнті етті

МузАРТ тобының солисі, әнші Сәкен Майғазиев жаттығу залындағы видеосы арқылы Желідегі оқырмандарын таңғалдырды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл видеоны Сәкен Майғазиев TikTok-парақшасында жариялаған. Әлеуметтік желіде видео 625 мың қаралым, 30 мың лайк жинаған. Кадрлардан өнер иесінің жаттығу залында 1,5 метр болатын биікке секіріп, жаттығып жүргенін көруге болады.

@saken_maigaziev.kz Мен қазақтың ұлымын ???#?????????‍?‍?‍???????????☀️ ♬ Қазақтың Ұлымын - Қуандық Рахым

Желі қолданушылары әншіге тәнті болып, пікір жазған.

"Осы жасқа келіп, осылай секіріп жатыр, Сәке жарайсыз", "Созақтын жігіттері осындай", "Жарайсың, Сәкен", "Жарайсыз аға", "Каратист қой мынау", - дейді пікір жазғандар.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!